Р.ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: Бiздiң халық та соған үйренiп қалған

Жалпы сайттардың сапасының төмен болуы – бәсекенің жоқтығы. Қоғам үшін маңызды, дәлелді, ақиқатты айқын айтатын, ізденіске толы ұжымдар, сайттар көбеюі керек. Яғни, «жақсы өнім шығарсаң, қаражат аласың» десе, қаражат үшін күрес туындап, сапа да артар еді. Ал мемлекетке қарасты сайттарға қаражат келіп тұр. Оларға халық ақпаратты оқи ма, сене ме, сенбей ме маңызды емес. Ең бастысы жалақылары түсіп тұрғандықтан, сапасына салғырттықпен қарайды.

Ал интернет порталдарда қауесет әңгімелердің, мәдениет адамдарының өмірлері секілді ақпараттардың көп таратуының да саяси астары бар. Бұл халықтың саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерден назарын аудару үшін істеліп жатыр. Кез-келген телеарналарды да қосып қалсаңыз толған телехикаялар, әзіл-сықақ бағдарламалар. Ал экономикалық, әлеуметтік ақпараттар жайлы сөз қозғалмайды. Біздің халық та соған үйреніп қалған. Ел де алыпқашпа әңгімелерді, жаңалықтарды оқуға, іздеуге бейім.

«ЖО»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.