Ш.МҰРТАЗА: … жалғыз-ақ нәрсе әдiлдiк деп бiлемiн

Үйреген ауыл шаруашылығы түзеле қойды деп айту бүгiн артық болар деп ойлаймын. Бiздiң қазiр «бәрi керемет, ауылды көркейтiп жатырмыз, қолдап жатырмыз, қолпаштап жатырмыз» деген ұранымыз сөзде бар да, iсте жоқ. Ауылда алдымен техника жоқ. Техникаң қазiр қырық жамау. Жаңасын алуға шаруаның шамасы жоқ. Тракторыңның бiр дөңгелегi 100 000 теңге, оны алуға көмектесiп жатқан үкiмет жоқ.

Бiз ешқандай iскерлiгiмен, тазалығымен аты шықпаған жiгiттердi ары сүйреп, берi сүйреп жатамыз. Бейнебiр басқа лайық адам құрып қалған секiлдi. Пендешiлiк тұрғыдан ол да дұрыс шығар. Бiрақ, елдiң көзi соқыр емес, кiмнiң кiм екенiн бәрi көрiп отыр ғой. Олай болса өзiңнiң қадiрiңдi түсiретiн, өзiңе абырой әпермейтiн iске бару қаншалықты қажет? Мен таразының басын тең ұстауға мүмкiндiк беретiн жалғыз-ақ нәрсе әдiлдiк деп бiлемiн.

adebiportal.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.