ШЫМКЕНТТЕ АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕР
Шымкентте 23-ақпан күні жауып бастаған қар ертеңінен бір-ақ тоқтады. Көшені қардан күреушілер үшін оңай болған жоқ. Әсіресе, Абай ауданына қарасты Әл-Фараби көшесін тазалаушылар ерен еңбектерімен көзге түсті. Өйткені, аталған көше күндіз де, түнде де тоқтаусыз тазаланды. Осыған орай біз Абай ауданы әкімшілігінің қызметкері Серікболат Раматқа хабарластық. С.Рамат:
— 23-ақпан күні Әл-Фараби көшесі мен оның Бадам қиылысына дейінгі жалғасын “KazStroyCapital LTD” ЖШС және “Абай” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қардан тазалау жұмыстарын атқарды. Екі мекемеде жалпы 36 техника бар. Оның 21-і құм себетін, 4-еуі аяқ жол күрейтін, қалғаны көше қарын күрейтін техникалар.
Кешегі қолайсыз ауа райы да тынымсыз жұмыс істеп, ерен еңбектің үлгісін көрсетушілер жүргізуші Бауыржан Тұрысбеков пен Бауыржан Төлеев, күрекпен қар күреушілер Ораз Айтбек, Шавкат Муллашиков, Дидарбек Бердалы мырзалар. Біз осы кісілерге дән разымыз. Жұмыс тек қардан тазалаумен аяқталмады. Одан кейін де суағарларда жиналған қарды тазарту мен еріп аққан судың екпінін басуға бар күш жұмсалуда, — деді. Ал біз жауын-шашынға қарамайтын жұмысшыларға еңбекте табыс тілейміз.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ , Журналист