Смағұл ЕЛУБАЙ: Қазақ тілі Тәуелсіздік ала алмай тұр

Дәстүрлі отбасы құндылықтары құрдымға кете бастады. Өйткені жастарымыз Құдайдан қорқуды білмейді. Ал халқымыз «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген. Өз басым қазіргі қоғамнан қорқамын. Құдайын ұмытқан қоғамнан әрнәрсе күтуге болады.

Бір орыс отырса бітті, 100 қазақ  орысша көстеңдей жөнеледі. Сонда мен өңшең құлдарды көргендей боламын. Құл халық қалай азат халық болады? Ендеше, шапшаң жаңғыруымыз керек. Бәрін жаңалауымыз қажет. Жаңа заң қабылдауымыз керек. Әйтпесе, қазақтың орыстану үдерісін ешқашан тоқтата алмас сызықтан өтіп кетуіміз мүмкін. Шұғыл мектеп реформасы болуы керек. Ол жерде бесінші класқа дейін сабақтар түгел қазақ тілінде жүруі тиіс. Бүкіл әлемде солай. Неге Ресей, Жапония, Қытай, Франция бірінші кластан бастап оқушыларын үш тілде тәрбиелеп жатқан жоқ? Неге соны ойламаймыз?

sputniknews.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.