ТАЛАНТТАРДЫҢ ОРДАСЫНА АЙНАЛҒАН КОЛЛЕДЖ

ҚР Мәжілісі депутаттарының өңірлердегі іс-сапарлары кестеге сай жалғасуда. Бүгін мәжілісмен, , «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек шаһардағы қарашаңырақтың бірі Әбілхан Қастеев атындағы Шымкент қалалық өнер және дизайн колледжінің ұжымымен кездесу өткізді.

Ерекше мамандық иелері халық қалаулысымен кездесуде өз қолымен жасаған бұйымдарын ұсынып, жұмыстарымен таныстырды. Графикалық кескіндеу, мүсіндеу, анимациялық графика, сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік, дизайн, көркем сурет мамандықтары бойынша оқу орнын тәмамдайтын әрбір студент өз бетінше жұмыс істеп, туындысының мән-мағынасын тарқата отырып еңбегін таныстырды.

Колледж басшысының айтуынша, бір ғана «Сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік» мамандығы студенттердің бес түрлі салада шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, металдан түрлі бұйымдар жасап, ағаштан, керамикадан естелік кәдесыйлар әзірлейді. Сонымен қатар, теріден, тоқымадан дайындалған қолөнер бұйымдарын да осы мамандық иелері жасайды. Мәжілісмен білім ордасының ұстаздарымен сұхбат құрып, ой-пікірін тыңдады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.