ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ҮЙЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГIЗIЛУДЕ

Түркістан облысы Төлеби ауданында су тасқыны салдарынан келтірілген зардаптарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілiп жатыр. Бұл жұмыстарға 8 мердігер компания мен 6 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекеме жұмылдырылған.
Айта кетейік, Төлеби ауданында мамандардың қорытындысымен 38 үй жарамсыз деп танылған болатын. Қазiргi таңда 17 үйді бұзу жұмыстары жалғасуда. Оның iшiнде 3 үйдің iргетасын құю жұмыстары басталды. Сел салдарынан 78 азамат эвакуация орталығына жатқызылса, қазіргі таңда 40-тан астам азамат ағайын-туыстарының үйіне жайғасқан.
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, эвакуация орталығында орналасқан азаматар үш мезгіл тамақпен қамтылып, оларға барлық қажетті жағдай жасалынуда. Сондай-ақ, ол зардап шеккен 38 баспана толықтай сүріліп, орнына жаңа баспана салынатындығын айтты. Баспаналарды қалпына келтіру жұмыстарына 510 млн. теңге бағытталмақ. Төлеби ауданы әкімдігі жалпы құрылыс жұмыстарын 1.5 — 2 ай көлемі ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.