ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАППАЙ «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІ» АШЫЛУДА

Биылғы оқу жылының басында өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын «Парасаттылық орталығы» «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде ашылған болса, бүгінде осы бастама аясында облыстағы кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында жаппай «Парасаттылық мектептері» ашылды.

Орталықтың негізгі мақсаты — жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру, қоғам індетінің деңгейін төмендету, жас ұрпақты жанашырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Мың жылдығын ойлаған халық — саналы ұрпақ тәрбиелейді демекші, облыста барлық кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында, яғни колледждерде «Парасаттылық мектебі» ашылып, жастарды парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамыту жұмыстарын бастап кетті.

Колледждердегі «Парасаттылық мектебі» – бұл қарқынды, шығармашылық атмосфераның, ұжымдық және жеке оқыту нысандарының, эмоциялық тұрғыдан еркін және қатысушылар арасындағы үздіксіз өзара әрекеттестіктің үйлесімі.

Айта кетейік, Парасаттылық мектебінің қатысушылары сыбайлас жемқорлық феномені және онымен байланысты ұғымдар туралы теориялық білім алады, ал алған білімдерін — қоғамда  сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында пайдаланып, өз қатарластары арасында парасаттылықты, әділдікті, адалдықты насихаттауға үлестерін қосатын болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.