Түркістан қаласының ақсақалдар алқасы құттықтайды
Қымбатты отандастар! Ата Заңымыздың мәртебелі мерекесі құтты болсын! Түркістан облысының қадірменді тұрғындары!
Сіздердің баршаңызды ел Конституциясының мерейлі мерекесінің қуанышымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктеп, әлемге танылған іргелі елге айналдық. Еліміздің тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, заманның заңғар саясаткері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамашылдығымен қабылданған Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы ел сеніміне лайықты салтанат құрып отырғанын мақтаныш етеміз.
Еліміздің Конституциясы бүгіннен ертеңі жарқын болашағымыз үшін мінсіз қызмет етуде. Осы Конституция негізінде түркі әлемінің қастерлі орны Түркістан атауы оңтүстіктегі облысқа беріліп, дүниенің төрт бұрышын тәнті етуге қол жеткізілді. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға құт-береке, дендеріңізге саулық пен өмір қуанышының молынан болуына тілектеспіз!
Ж.ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ,
Түркістан облысының Құрметті азаматы,
Түркістан қаласы ақсақалдар алқасы төрағасы