ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 14 ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасы бойынша 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Түркістан қаласы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 14 сауда нүктелері (павильондар) жұмыс істеуде.
«Барлық сатып алынатын тауарлар бекітілген сапа стандарттарына сәйкес. Көкөніс өнімдері Қазақстанның солтүстік аймақтарынан жеткізіледі, күнбағыс майы Шығыс Қазақстан облысынан, күріш Қызылорда, қант Жамбыл облыстарынан, ал қырыққабат, макорон және ет өнімдері жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерден жеткізіледі», – деді облыстық тұрақтандыру қоры директорының орынбасары Нұрсайын Әділ.
Павильондағы бағалар супермаркет және базардағы нарық бағасынан 15-17 пайыз арзан. Атап айтсақ, Картоп – 70 теңге, пияз – 48 теңге, сәбіз – 65 теңге, макарон – 150 теңге, күріш – 194 теңге, қарақұмық – 145 теңге, бидай ұны 1 сұрып – 87 теңге, күнбағыс майы – 327 теңге, сиыр еті – 1250 теңге, құмшекер – 220 теңге, қырыққабат – 75 теңге.
Сонымен қоса, наубайханалардан жеткізілетін нан бағасына сауда үстемесі қосылмай, павильондардағы сату бағасы – 65 теңге. Павильондар Түркістан қаласы аумағын толық қамту мақсатында орналастырылды. Бұл дегеніміз – жергілікті халықтың азық-түлік тауарларын кедергісіз алуына қосымша ыңғайлылық туғызады.
Сонымен қатар жүргізіліп отырған іс-шаралар Түркістан облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын реттеуге және оң әсер етуіне қол жеткізеді. Халық қамы үшін ашылып отырған әлеуметтік дүкендерге дүйім жұрт дән риза. Бастысы азық-түлік құны қол жетімді бағада саудаланады. Сатушылардың пікірінше, бүгінде қала тұрғындары әлеуметтік дүкендерден сауда жасағанды қалайды.
Айта кетейік, тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларына, аудан орталықтары мен ауыл округтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы аумағында сауда павильондарын орналастыру жоспарланып отыр.