ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Жұмысшы топ облыс орталығында бой көтерген «Ұлы дала елі» мәдени кешенінің құрылыс барысымен танысты.

Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір облысы бір нысаннан тарту еткен болатын. Соның бірі Атырау облысы әкімдігі туризм ордасы, киелі Түркістан жеріне сәулет өнерінің үздігіне айналар «Ұлы дала елі» рухани орталығын салып беруде.

Орталықта Қазақ Хандығының құрылғанынан бастап, жаңа дәуір дамуына дейінгі әртүрлі тақырыпты ашатын 9 тарихи – заманауи залдар ашылады. Құрылыс басында болған Атырау облысының әкімі мәдени орталықта заманауи мүмкіндіктерді, яғни, инновациялық технологияларды барынша қолдануды ұсынды.

Алып құрылыс алаңына айналған облыс орталығында еліміздегі ірі құрылыс компаниялары киелі шаһарды түлету жолында күндіз-түні тер төгуде. Атырау облысы әкімдігінің сыйы қыркүйек айында аяқталуы тиіс. 0,8 га жерде бой көтеріп жатқан орталықтың аумағы 6200 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.