ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ӘКЕГЕ БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданының Бозай ауылдық округінің тұрғыны Андрей Грибанов 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Жары ерте қайтыс болып, бүгінде 2 қызы мен 1 ұлына әрі әке, әрі ана атанып отыр. 2015 жылы жұмыс бабымен үш баласымен бірге ауылдағы тұрғын үйін сатып, Сарыағаш қаласына қоныс аударған. Кейіннен денсаулығы сыр беріп, ауылға қайтуға мәжбүр болыпты. Ауыл тұрғындары жалдамалы пәтер сұрап келгенін көрген қоңсысына асарлатып үй алып берген.
Одан бөлек, ауылдастары 20-ға жуық қой беріп, ауыл әкімдігі отағасын жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, бозайлықтар тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ, қажетті киім-кешек, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз еткен. Ауылдастары алдағы уақытта баспананы толық жөндеуден өткізбекші. Баспанаға ие болған Андрей Петрович бозайлық ауылдастарына, ризашылығын айтып, шексіз алғысын білдірді.
Келес ауданындағы пресс-тур аясында журналистер жергілікті ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған құрылыс алаңдарына аялдады. Соның бірі «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен күрделі жөндеуден өтіп жатқан Біртілек ауылдық округіндегі №13 Т.Бигелдинов мектебі. Құрылыс жұмыстарына 40-қа жуық ауылдың тұрғындары тартылып, толық жөндеуден өткізуде. Ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлаған. Бағдарлама аясында Келес ауданында жалпы 3 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар: Біртілек ауылдық округіндегі №13 Т.Бигелдинов мектебі, Ұшқын ауылдық округінде спорт алаңшасы және Ақтөбе ауылдық округіндегі аурухана.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.