ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
QAZAQJOLY.KZ: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып МЫРЗАЛИЕВ Мейіржан Иябайұлы тағайындалды.
Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туған.
Білімі: Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті (1998-2002) заңгер, Ломоносов ат. Мәскеу Мемлекеттік Университеті (2005-2006) экономист, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы (2010-2011), Дьюк Университеті (АҚШ, Дарем 2014-2016) – халықаралық саясат магистрі.
Еңбек өтілі:
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ: Құрылыс басқармасының бас маманы (2003-2005); Заң және әкімшілік бөлімінің бастығы (2005-2007) ;
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСІ: Индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы (2008-2009); Бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі (2009-2011); Мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013)
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ (IFC) (Вашингтон қ., АҚШ): Ауыл шаруашылығындағы бизнесті дамыту бойынша іс-тәжірибе (2015)
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСІ: Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), Премьер-Министрдің кеңесшісі (2017).
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ: 2017 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.
Үйленген, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.
АҚПАРАТ көзі: ontustik.gov.kz