ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ БАҒАЛАУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»

ҚР ДСМ-ң эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы «жасыл аймаққа» енгізілген. Бүгінгі таңда облыс бойынша 2021 жылдың 1-12 қаңтар аралығында COVID-19 расталған 117-жағдай тіркеліп отыр. Ол 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 5,8 құрады. Оның ішінде симптомдармен — 27,  симптомдарсыз-90 жағдай тіркеліп, пневмония   ауруымен 57 науқас анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов баяндады.
«Эпидемияға қарсы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталар болсақ, «COVID-19» зертханалық расталған 117 науқас бойынша 59 ошақ  анықталып, барлығында дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Ошақтардағы  қарым-қатынастағылар саны — 313. Сонымен қатар, мобильді топтармен  жүргізілген мониторингтік жұмыстарының нәтижесі бойынша, 1-12 қаңтар аралығында 2 254  нысан қамтылып, 171 айыппұл тіркелді. Оның ішінде ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 тармағымен 168 жеке тұлғаға — 30 АЕК көлемінде (7 350 840 тг), 3 жеке кәсіпкерге — 230 АЕК ( 1 006 365 тг) көлемінде айыппұлдар  салынды», — деді Нұрбек Садықбекұлы.
   Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары  Нұрхан Нарымбетова облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылғанын айтты.
«Бүгінгі таңға, инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі – 18,2% Карантиндік төсек-орынның жүктемесі — 10% (33 адам).
Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценарийіне байланысты инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар», — деді басқарма басшысының орынбасары.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.