ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Биыл Түркістан облысында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 590,2 шақырымына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, негізгі басымдылық облыс аумағындағы халқы тығыз әрі шекара маңында орналасқан оңтүстік аудандардың (Шардара, Мақтаарал, Жетісай және Келес) автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мәселесіне көңіл бөлінуде.

Ағымдағы жылғы құрылыс, жөндеу жұмыстарының маусымы басталды. Мәселен  Шардара ауданының «Шардара-Арыс» бағытындағы 111 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолында жөндеу жұмыстары басталды. Оның «Арнасай-Қазақстан» ауылдары аралығындағы 70 шақырымы орташа жөндеуден өтіп, тамыз айында пайдалануға беріледі. Ал «Қазақстан-Достық» ауылдары арасындағы 41 шақырымы күрделі жөндеуден өтіп, оның жұмыстары 2021 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, «Шардара-Арыс» бағытындағы 47-70 шақырым аралығында жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.

Сондай-ақ, «Қазақстан-Достық» ауылдары аралығындағы жолда жобаға сәйкес, 6 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда жұмыстар басталып, қарқынды жүруде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.