Түркістан облысында бір мезетте 3000 домбырашы күй орындады

Бүгін Түркістан облысының орталығында Қ.А.Ясауи кесенесінің алдында «Ұлттық домбыра күні» мерекесінде 1000 домбырашы Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», Түркештің «Көңілашар» күйлерін орындады. Бұдан бөлек, барлық аудан, қалаларда бір мезгілде домбырашылардың флешмобы ұйымдастырылды. Осылайша жалпы саны 3 мыңнан астам домбырашы ұлттық өнерді дәріптеді.

Биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жарияланған «Ұлттық домбыра» күнін түркістандықтар кең көлемде атап өтті. Ұлттық дәстүр мен өнерді жаңғыртып, дәріптеуге жол салатын бұл мереке  қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесімен бастау алды. Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи кесенесі алдында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы ұлт аспаптар оркестірінің концертімен жалғасса, мерекелік күн «Күй құдіреті» күйшілердің облыстық байқауымен қорытындыланды.

Ұлттық домбыра күні мерекесінің ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша тұрғындарды осынау мерекемен құттықтады.

«Ұлттық домбыра күні» мерекесі Түркістан облысының барлық аудан, қалалардың мәдениет және өнер мекемелерінде, орталық саябақтарда, ойын-сауық орталықтарында, ашық алаңдарда түрлі мәдени іс-шаралар өткізілуде.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.