ТҮРКІСТАН: ҮГІТ-НАСИХАТ ШТАБЫНЫҢ АДАЛДЫҚ ТУРАСЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Ордабасы ауданында арнайы болып, адалдық идеялогиясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында келелі жиын өткізді.

Ең алдымен, штаб төрағасы арнайы сапарында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшысыларымен кездесіп, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылдықтар бойынша мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға, сыйлық беруге айрықша тыйым салынғанын жеткізді.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында Ерұлан Икрамұлы бүгінгі күні Агенттіктің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға басымдық берілгенін хабарлап, әлеуметтік індеттің елдің даму қарқынына тигізер залалы мен зардабын ортаға салды.

Сондай-ақ, Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда әрбір ел азаматы жұмыла күресу қажеттілігін алға тартты.

Кездесу соңында парақорлық деректерінің алдын алу және адал қоғамды қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.