ТҮРКІСТАН: «ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ» ОҚУ-ЛАГЕРІ ӨТТІ

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бәйшешек» лагерінде «ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ» тақырыбында екі күндік оқу лагері өтті.
Шара – биылғы «Жастар жылын» қорытындылау және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған 2020 жыл – «Еріктілер жылын» қолдау аясында өткізілді.
Оқу лагеріне Түркістан облысының барлық аудан, қалаларындағы колледж жəне университеттердің студенттері, соның ішінде 200- ге жуық еріктілер ұйымдарының көшбасшылары жиналды.
Іс-шара барысында жастар еріктілік пен жобаларды басқару, командада жұмыс жасай білу және көшбасшылық қабілеттерін дамыту , ерікті жастар ұйымының жұмысын оңтайлы жүргізу сияқты бағыттар бойынша қызықты дәріс алды.
Тренингке арнайы Түркиядан жеке тұлға ретінде өсу жөніндегі халықаралық тренер-коуч
Рамазанов Арслан, Шымкент қаласынан экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Дінмұхамед Жақыпбеков, Нұр-Сұлтан қаласынан Ақпарат және қоғамдық даму комитетінің жобалық менеджері — Бурлаченко Людмила келіп, жастардың біліктілігін шыңдады. «ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ» тренингі жастармен жұмыстың жаңа бағытын айқындап берді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.