ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТӘУЛІГІНЕ 30 ТОННА СҮТ ӨҢДЕЙТІН ЦЕХ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтбаев елді мекенінде сүт өнімдерін өндіретін «МЕДЕТ СҮТ» ЖШС өз жұмысын бастады. Аталмыш цех 1 тәулікте 30 тоннаға дейін сүтті өңдей алады. Қазіргі таңда күніне 3-5 тонна аралығында сүтті өңдеп одан ірімшік, қаймақ, айран, сияқты 20 түрлі өнім өндіруде. Кәсіпорын басшысы Ғалым Олжабаевтың айтуынша, алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, өнім түрін 25-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сүт өнімдері ішкі нарықты толықтай қамтып отыр.
Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев «Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына, оның ішінде еңбек өнімділігі мен тауар экспорттауға үлкен мән беру керек деген болатын. Біз қазіргі таңда осы тапсырмалар аясында жұмыс істеу керекпіз. Өндіріс көлемін ұлғайтып сапалы өнім шығаруды күн тәртібінен түсірмей, экспортқа шығу жағын есте шығармайық», — деді.
Жиырмаға тарта жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Медет Сүт» ЖШС бүгінде өз қаржысымен ашылғанымен, алдағы уақытта өндірістік қуаттылығын арттыру үшін қосымша қаржыландыруды қажет етеді. Бұл мақсатта тиісті жұмыстар жүргізіліп, аталмыш кәсіпорын қаржы ұйымдарына құжаттар тапсырған. Қайта өңдеуге қажетті сүтпен қамтамасыз ету мақсатында тауарлы сүт фермасын екінші кезеңмен 2020 жылы құрылысын жүргізіп, іске қосуды жоспарлап отыр

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.