ТҮРКІСТАНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛ ТҰҒЫРЫ» атты мерекелік іс-шара өтті

Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына  орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен
Түркістан қаласының Абай атындағы мектеп-интернатында «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат» көрмесі мен «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел тұғыры» атты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиынды қорық-музейдің ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Берік Байболов пен Абай атындағы мектеп-интернатының директор орынбасары Сұлтанов Махмуд Уайсулы ашып берді.

Көрмеге музей қорынан 50-ге жуық суреттер мен кітаптар қойылып, Тәуелсіз жылдардың бел-белестері және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Түркістанға сапарлары, әр жылғы Жолдаулар мен түрлі бағдарламалар негізінде музейде жасалған тың серпілістер жөнінде кеңінен мағлұмат беріліп, таныстырылды. Шара мектеп өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, жас дарындар патриоттық әндер айтып, күйлер орындады.

Жиын барысында Абай атындағы мектеп-интернатының директоры Шынар Тилеубергенова «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне 40 жыл» мерекелік медалі және музейдің баспа өнімдері, шарада өнер көрсеткен оқушылар мен ұстаздарға «Әзірет Сұлтан» қорық-музей әкімшілігі атынан алғыс хаттар табысталды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.