ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕК ҰБТ-ДАН РЕСПУБЛИКАДА ЕҢ ЖОҒАРҒЫ БАЛЛ ЖИНАДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Теспе жалпы орта мектебінің оқушысы Әбдіманап Абзал Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинап, үлкен жетістікке жетіп отыр. Бұл бүгінде Республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл туралы бүгін облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.
Оның айтуынша, Түркістан облысында жалпы 18 389 талапкер тест тапсыруға өтініш берген. Бүгінгі таңда 4650 оқушы тест тапсырып, 113-і түрлі себептермен тестке қатыспаған.
«Жалпы облыс көлемінде 15 ҰБТ-ны өткізу пункті бар. Тестілеу өтетін жалпы саны 189 аудиотория ұялы байланыс сигналын тұншықтырғышпен, металл іздегіш құралдармен, тест барысын бақылайтын және онлайн трансляциялауды қамтамасыз ететін бейнекамералармен жабдықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік комиссия отыратын кабинет пен тест тапсырмалары сақталатын бөлмеге де түгелдей камералар қойылған. Биыл тәртіп қатаңдатылып отыр. ҰБТ-ны өткізудің қатаң талаптары негізінде 87 талапкерден емтиханға тыйым салынған заттар анықталып, тестке кіргізілмеген. Сондықтан ата-аналар балаларының болашағына балта шаппай, тыйым салынған заттарды алмауын қадағалауын сұраймыз»,- деді Ардақ Мәдіханқызы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.