ТҮРКІСТАНДЫҚТАР КӨРІСУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Түркістанда 14 наурыз «Көрісу күні» жоғары деңгейде ұйымдастырылды.   Атаулы күнге орай «Арбат» алаңындағы  мерекелік концертте «Алтын дәуір», «Көрісу», «Қауышу» қойылымдары қойылды, әртістер ән айтып, әр түрлі композицияларды биледі. 300 адамнан құралған «Жастық-көктем» атты флешмоб биі көрсетілді. Облыс аумағында өткізіліп отырған мерекелік шараға 1000-ға жуық адам қатысты.
Мерекелік концерттің соңында түрлі этностардың өкілдері кітапханаларда ұлттық тағамдар мен кітап көрмелерін ұсынды. Салтанатты шараға өңір басшылары, зиялы қауым өкілдері, өңір тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жалпы Түркістан облысы  Наурыз мерекесін ерекше атап өтуде. Бұл мереке наурыз айының он күніне жоспарланған: 14 наурыз «Көрісу күні», 15 наурыз «Тағзым күні», 16 наурыз «Тазалау күні», 17 наурыз «Көктем шуағы күні», 18 наурыз «Көктем өрнектері күні», 19 наурыз «Балалар күні», 20 наурыз «Бірлік күні»,  21-22 наурыз «Наурыз» мерекесін  мерекелеу  күні.
Күн тақырыбы аясында Түркістан облысының барлық қалалары мен аудандарында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп мерекелік іс-шаралар өткізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.