Жаңабай Алдабергенов, э.ғ.д., профессор: Бюджеттің орындалуында кемшіліктер өте көп

Отыз жыл бойына бюджет қаражатының есебінен шылқып байып, оны шетелге шығарып жатқандар есепсіз болды. Сондықтан бізге болашақта ең алдымен бюджетті сауатты жоспарлауға, қаржыны үнемдеуге басты назар аудару қажет. Алдағы уақытта ұлттық экономика министрлігі, қаржы министрлігі, тағы басқа ведомстволар осы мәселеге назар аударуы керек. Жергілікті әкімдерден әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талап етілуі тиіс. Аудан-аймақ әкімдері әр тоқсан сайын стратегиялық жоспармен жұмыс істеп, бюджеттің орындалуы нақты бақылауға алынуы тиіс.

Міне, осындай қаржыны тек жеке-жеке бір жылға есептеп беріп отыру керек. Бізде бюджеттің шығыс бөлігіне үнемі өзгерістер енгізіледі. Үш жылға есептеп аламыз да ол бөлінген қаржы діттеген жеріне жетпей қалады немесе орта жолда «желініп» кетеді. Сондықтан қосымша шығындарды көбейтпеу қажет. Жапонияда бюджет арқылы бөлінген қаражаттың жылдың аяғына дейін 25 пайызы ғана жұмсалады. Ал жұмыстың орындалуы 95 пайыз нәтиже көрсетеді. Сонда бюджеттен қаржы артығымен бөлінетін болып тұр. Бұл арада министрліктерге «қаржы игерілмегені үшін мені кінәлайды» деп, қаражатты толық жұмсап жіберуге болмайды. Бюджеттің орындалуында кемшіліктер өте көп.

zhasalash.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.