ЖОЛДАУ «𝗕𝗜𝗥 𝗧𝗢𝗟𝗤𝗬𝗡𝗗𝗔» НАСИХАТТАЛДЫ

Бүгін қала жастарына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, талқылау мақсатында кездесу өтті.

«𝗕𝗜𝗥 𝗧𝗢𝗟𝗤𝗬𝗡𝗗𝗔» диалог алаңында өткен кездесу 𝗔𝗠𝗔𝗡𝗔𝗧 партиясы Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті. Кездесуде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универститеті саясаттану кафедрасының меңгерушісі Мәжімбеков Сәкен Аралбайұлы және Шымкент қаласының Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің директоры Байтуов Біржан Қаниұлы спикер болды.

Жолдау елімізді дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық басым бағыттар жайында айқындалғаны оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, жасыл экономика, цифрландыру және басқа да салаларға қатысты атқарылатын жұмыстар нақты айтылғандығы жайында түсіндірме талқылау жұмыстары жүргізілді. Жолдаудың ең басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту болып табылатындығы айтылды.

Жастар тарапынан да спикерлерге ұсыныс пен сұрақтар қойылып, өз ойларын жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.