Жұлдыз-жорамал (15.10 — 21.10. 2018 ж.)

Тоқты

Жұмыста да, жеке өміріңізде де бәрін басынан бастауға тура келеді. Немесе іскерлік серіктесіңіз бен жан жарыңызды жаңа қырынан тани түсесіз. Тек ерінбеңіз, кез-келген қиындықтан кейін үлкен табыс пен бақыт күтіп тұр.                                                                                                 

Торпақ                                                                

Егер денсаулығыңыз сыр берсе, қораптап дәрі сатып алуды қойыңыз. Жан сергітіп, таза ауада дене шынықтырыңыз. Жақсылық жасаңыз. Ең жақсы ем осы. Жұмысты екінші орынға ысырып, отбасылық құндылықты сақтаңыз.

Егіздер

Жаныңыз мейірге толып, жақсылық жасауға ұмтыласыз. Қамқор көңіліңіз өз бақытыңызды табуға көмектеседі. Бір сөзбен, дос та, іскерлік серіктес те болатын адамды жолықтырасыз. Жұмыста да сәттілік сізге серік болмақ.

Шаян

Бір сәт өткеніңізге оралып, әлдебір сезімді қайта бастан кешесіз. Бұл ескі қателікті түзетуге көмектеседі. Махаббат мәселесінде жақсы жаңалық бар. Шығармашыл адамдар өз ісінен бақыт тауып, байлыққа апарар жолға түседі.

Арыстан

Сізге діттеген нәтижеге қол жеткізу үшін өз еркіндігіңізді пайдаланып, белсендірек әрекет ету керек. Шектеулерді жойып, таныс арттырыңыз. Сол арқылы ірі жобаға ие боласыз. Жеке өміріңізде де өте сәтті кезең басталмақ.

Бикеш

Тапқан ақшаңызды қарақан басыңызға жұмсай бермей, өзгелердің де жайын ойлай жүріңіз. Жаңа іс бастауға қолайлы кезең. Тәуекелге бас тіксеңіз, жаман болмайсыз. Бірақ, сіздің табысыңыз қайырымдылықпен қатар жүруі керек.

Таразы

Шыңға қанат қағуға дайындалыңыз, алдыңыздан үлкен мүмкіндіктер есік ашқалы тұр. Жұмыста да, жеке өміріңізде де жұлдызыңыз жарқырай түспек.  Табысыңыз көл-көсір, тек тапқаныңызды өзгелермен бөлісуді ұмытпаңыз.

Сарышаян

Ақыры көптен күткен сәт туды. Іскерлік салада жолыңыз шайдай ашық. Тек күндестердің көзінен аулақ, жасырын әрекет еткеніңіз дұрыс. Ақшаны оңды-солды шаша бермеңіз, қазір сіздің махаббат-мейіріміңізге зәру жандар көп.

Мерген

Сіз керемет көшбасшы, ықпалды серіктессіз. Осы қабілетіңізді пайдаланып, биікке қадам басыңыз. Достарыңыздың бірін жоғалтуға тура келеді. Әрбір қадамыңызды аңдап басыңыз, басшылық сізді таразы басына салып отыр.

Тауешкі

Шығармашылық саласындағы жандарды кәсіби жетістік, атақ пен ақша күтіп тұр. Тек бір ғана шартпен, егер сіз осы күнге дейін талмай еңбектеніп келген болсаңыз ғана. Жұмысыңыз ауысуы мүмкін. Айнымас, адал дос табасыз.

Суқұйғыш

Сізді қазір ешкім елемей, еңбегіңізді бағаламай жүрсе, алыстау жаққа қоныс аударғаныңыз дұрыс. Не саяхатқа шығыңыз. Бір жақсы өзгеріс болары анық. Қарамағыңыздағыларға әмір жүргізбеңіз, шын мәнінде сіз оларға тәуелдісіз.

Балық

Өзіңіз қорқып жүрген тәуекелі көп іске тап келсеңіз, үрейіңіз ұшпасын. Бұл істен сіз тек ұтысты боласыз. Өзгелердің алдындағы рухани, материалдық қарызды қайтарыңыз, әйтпесе басқалай жолмен қайтаруға мәжбүр боласыз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.