ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000 ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЫЛЫЖАЙ БАР

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. Сапар аясында БАҚ қызметкерлері Сарыағаш ауданындағы «Занджанижад» шаруа қожалығы мен «Измир Сарыағаш» ауыл шаруашылығы кешенінің жұмысымен танысты. Журналистер әуелі Қапланбек ауылдық округінде орналасқан «Занджанижад» шаруа қожалығына аялдады. 2012 жылы іске қосылған қожалықтың қазір 3 гектарға жер телімі бар. Оның ішінде жылыжай көлемі – 1,2 гектар.  Жылыжайдың өндіретін негізгі өнім түрі – қызанақ. Қожалық өткен жылы 140 тонна өнім алған. Биыл өнім көлемін едәуір арттыра түспек. Қызанақты отандық нарық пен Ресейге жөнелтіп келеді. Қазіргі таңда 5 адам жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы – 55-60 мың теңге. Серіктестік иесі Занджанижад Рустемнің айтуынша, жылыжайдың қызанақтары табиғи таза өнім. Кейін сапар аясында журналистер Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Измир Сарыағаш» ауыл шаруашылығы кешеніне барды. 2017 жылы жұмысын бастаған кешенде 20 гектар –  бау, 4 гектар – жылыжай бар. Сондай-ақ, 62 бас Абердин-Ангус сиыры бар. Оның 57-сі аналық бас, 5-уі асылтұқымды бұқа. Кешенде 60 мың теңге орташа айлықпен жалпы 5 адам жұмыспен қамтылып отыр. Алдағы уақытта ірі қара мал санын 500-ге жеткізбек. Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен жылыжай көлемі 934,9 гектарды құраса, қазіргі таңда облыста 988,2 га жылыжай бар.  2019 жылдың қорытысындысымен өңірде жылыжай көлемін 1114,9 гектарға жеткізу жоспарланып отыр.  Ал Сарыағаш ауданында өткен жылы 635,5 га жылыжай болса, бүгінгі таңда 649,1 га жылыжай бар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.