Біздің депутаттар «енді тек орысша сөйлеймін» дегенді бедірейіп тұрып бетіңізге айтады. Сонда депутаттар үшін жоғарыдағы Заң талаптарын орындау міндетті емес пе?
Әрісін айтпай-ақ, қояйық. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 28 жыл. Ағылшын тілін 6 айда үйренуге болады. Қазақ тілін үйрену үшін 28 жыл жетпей ме, сонда? Өздері өмір сүріп, жұмыс жасап, нан тауып жүрген елдің мемлекеттік тілін білуі міндет. Мемлекеттік тіл емтиханы – президенттен ғана емес, барлық лауазымды шенеуніктерден алынуы керек. Қазақ тілін білмейтін, қазақ тілінде сөйлемейтін депутаттар орындарын босатуы енді талап!
Abai.kz
