Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ — Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының әскери бөліміндегі жарылыс туралы ақпарат таратты. «24 маусым күні Түркістан облысының арыс елді мекеніне жақын жерден өрт тұтанып,  әскери құралдардың жарылуына әкеп соқты. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда», — делінген ресми мәліметте. Министрлік тарапынан оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтілді. Ресми мәліметке сүйенсек, Қарулы күштердің жеке құрамы апатты жою және салдарын азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, арнайы шұғыл желі ашылды.

АҚПАРАТ көзі: inform.kz

Ұқсас жаңалықтар

ОҚО: Сарыағашта биыл 600-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлайды

admin

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «TULPAR SHYMKENT» САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

admin

Түркістанда дәстүрлі «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

admin