АСТАНАДА ӘСКЕРИ ПАРАДҚА ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

Астанада 7 мамыр күні әскери парадқа қатысатын парадтық есептоптар мен әскери техниканың жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

 Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған шараның маңыздылығын жете түсіне отырып, әскери қызметшілер күн сайын дайындықтарын пысықтауда.

Парадқа қатысушылардың жаттығуы күн сайын өтеді. Сондай-ақ, әскери техниканы жоспарлы тексеру және техникалық қызмет көрсету де жүріп жатыр.

Еліміздің әртүрлі өңірінен келген әскери қызметшілер шатырлы қалашықта тұрып жатыр. Әскери техника ұрыс машиналарының арнайы далалық паркінде орналастырылды.

Далалық лагерьде жеке құрамға барлық қажетті жағдай жасалған. Атап айтқанда, тұруға арналған палаткалар, медициналық пунктер, тамақтану орындары және далалық монша. Далалық қалашықтың аумағында жылжымалы ақпараттық кешен жасалды. Одан басқа, демалыс күндері әскери қызметшілердің елорданың мәдени нысандары мен көрікті жерлеріне баруы да қарастырылған.

Астанада өтетін парадқа бір айдан аз уақыт алды.

Қатысатын жеке құрам мен әскери техниканың рекордтық санынан басқа, алда өтетін парадтың ерекшеліктерінің бірі –шараға Қазақстан Қарулы күштері ардагерлерінің, «Жас ұлан» төрт әскери мектеп пен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері және Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, аумақтық қорғаныс бригадалары құрама ротасы қатысады.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.