Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыБилік және халықШындықтың жүзі

Елбасы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тіршілігін қалпына келтіруді тапсырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ішкі істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНЫП ЖАТЫР

admin

ОҚО әкімі Ж.Түймебаевтың назарына! Сарыағаштағы сорақылықтан шынымен хабарсыз ба әкім мырза?!

admin

ОҚО-ДА ҮШ ЭТНОҚАЛАШЫҚ САЛЫНАДЫ

admin