Ғ.ЕСІМ, академик: Бiздiң елдiң профессорлары – кедейлер

Елімізде қан­ша білім, ғылым министрі бол­са, соншама ре­фор­­ма болды. Компас тілі далада қалды, «мен­­­­­­­білем­дікке» салын­­­­ды.
Білім, ғылым сала­сы бүгінде сын көтерерлік жағдайда емес. Қандай істі болмасын, маман кадрлар шешеді десек, мұғалімдер мен дәрі­герлер қауымының жалақылары Астана қала­сындағы орташа жалақы мөлшерінен әлде­қайда төмен. Астана қаласының орташа жала­­қысы – 220 мың теңге. Жас маман болып қыз­метке кіріскен қай мұғалім, қай дәрігер осын­дай жалақы алмақ? Бұл мәселе жұрт­шылыққа мәлім.
ЖОО-да профессорлардың жалақысы – 160 000-200 000 теңге аралығында. Біреу жапон про­фес­сорының жалақы мөлшерін сұрады, ол айы­на 14 мың АҚШ долларын алатынын айтты. Біздің елдің профессорлары – кедейлер.

adyrna.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.