Қ.Аманжол: … үнемi бiреуден рұқсат күту
Ең бірінші кедергі – сырттан үлкен бір ағаның, үлкен бір басшының рұқсатын күту. Қазақстан медиасына тұсау боп тұрған нәрсе – үнемі біреуден рұқсат күту.
Негізі мәселе – журналистер арасында өз бетінше бастама жасау, өз бетінше ұсыныс жасау, біздің қоғам үшін маңызды тақырыптарды анықтап, қалай көрсетуіміз керек, оны біз бермесек болмайды, басқа ешкім көрсетпейді деген тұрғыда әділ, адал бәсекелестікке ұмтылу мәселесінің аздығы. Бір жағынан, әрине, журналистер мен орта дәрежелі менеджерлер тарапынан болып жатқан бастама мен мұрындық болуға талпыныстың аздығы, оның барлығын тоқтатып тастап отыратын жоғарыдағы «ағаның» рұқсаты.
Elana.kz