Стокгольмнің орталығындағы Grоna Lund саябағында орнатылған 24 орындық әткеншектің айналу жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді. Орындықтар үш метрлік темір шынжырларға бекітілген. Саябақ әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұл орындықтардан Стокгольм қаласы алақандағыдай көрінеді.
