Ж.МАМАЙ, журналист: Бiрде-бiреуi қазақстандықтардың азаматтық құқығын қорғамады

Жаңаөзендегі мұ­найшылар 7 ай бойы жағдайды жақсартуды талап еткенде, осы «нұр» депутаттарының ешқайсысы оларды қолдамады, олардың проблемасын парламенттік деңгейде көтермеді. Көпбалалы аналар әлеуметтік жағдайдың нашарлығын айтып, жәрдемақы талап етіп, наразылық білдіргенде бірде-бір «нұр» депутаттар олармен бірге наразылық көрсетпеді. Астанада бес бүлдіршін өртеніп кеткенде қай депутат сол балалардың ата-анасының жанында болды? Қай депутат көпбалалы отбасылардың әлеуметтік әлауқат мәселесін көтерді? Митингке шыққан халықты полиция ұстап, қудалап жатқанда ешбір депутат наразылығын білдірмеді. Демократия мен саяси өзгерісті, экономикалық транформацияны талап еткен халыққа ешқайсысы құрмет көрсетпеді. Бірде-біреуі қазақстандықтардың конституциялық және азаматтық құқығын қорғамады.

«ЖО»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.