Н.ЖҮСІП: Осы бетпен кете берсек, не табамыз?

Елімізде күн сайын жемқорлық­қа қатысты бі­реу ұсталады, бі­реу қамалады, біреу үйқамаққа алынады.
Үлкендердің тір­шілігі осындай бол­­­­ғанда, жастарымыз-дың жағдайы тіптен жетісіп тұрған жоқ. Елімізде жыл басынан бері 14 жасқа толмаған 10 қыз түсік жасатыпты. Ал, жалпы кәмелетке толмағандардан 200-ге жуық жас қыз аборт жасатқан.
Кәмелетке толмағандардың түсік жасатуынан Қазақстан дүниежүзінде алғашқы ондыққа еніп отыр.
Жемқорлыққа қарсы күресті күшейткен сайын араны ашылғандар да көбейіп барады. Қанағатпен, шүкірмен өмір сүрудің орнына асап қалу, мемлекет мүлкін қарпып қалу, тендерден жеп қалу секілді тойымсыз пиғыл жаппай өрістеп тұр.
Не үйде, не түзде тыйым көрмеген жеткіншектер ойына не келсе, соны жасайтын болды. Отбасы құндылықтары ойран болған қоғамда қайбір жақсылық болушы еді, біз де тап сол күйді кешіп отырмыз.
Неге бұлай? Неге елдіктен кетіп барамыз? Осы бетпен кете берсек, не табамыз?

Aikyn.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.