Былтыр бюджет қаражаты 100 пайызға орындалды, қыруар ақша жұмсалды. Бірақ ақыр соңында бір нәтиже болғанын қалаймыз. Ал барлық қаржы жұмсалып, нәтиженің болмауын қалай түсіндіресіздер? Әрине, негізгі себебі – жоспарлау сапасының әлсіздігінен. Көптеген әкімшіліктер мемлекеттік бағдарлама қаражатын бір жыл ішінде игеруге үлгере алмай жатса, индикаторларды өзгерте салады. Сондай-ақ Үкімет индикаторлар мен көрсеткіштердің көпсалалы жүйесін қалыптастырғандықтан, ол өзара байланыспай қалады. Мәселен, бізде орталық деңгейде 500 индикатор бар. Ал жергілікті деңгейде 1500-ге жуық. Осы жағдайларда ақшаның қаншалықты тиімді жұмсалғанын және түпкілікті нәтижесін қалай бағалаймыз? Бұлыңғыр бюджетпен есепте ештеңе көрінбейді.
jasqazaq.kz
