А.Перуашев, Мәжіліс депутаты: …байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтiк алшақтығына негiз болып отыр

Егер депутаттар сай­лаушылардың та­­лап-тілегі бо­йынша тікелей қар­жыландыру өкілеттігіне ие бол­ғанда, бүгінгі күні көпбалалылар мәселесі өткір қойылып, тұрғын үй тапшылығы орын алмайтын, ал Арыс­тағы қару-жарақ қоймалары бұдан 10 жыл бұрын шығарылатын еді.
Мемлекеттің мүмкіндіктері шексіз емес және ол нақты бюджетпен белгіленеді. Бірақ болса да елдегі мемлекет қаражатының қомақты бө­лі­гі бюджеттен тыс бөлінуде. Сол себепті ке­ле­сі маңызды қадамдардың бірі – барлық мемле­кеттік қаражатты қоғамның бақылауына алу.
Біріншіден, бұл – ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың бюджеттері. Бұл сектор мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін азайтып, байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтығына негіз болып отыр. Осы арада сыбайлас жемқорлық жайындағы дау-дамайлар, жымқыру жағдайларының ұдайы орын алуы, сыртқы қарыздың қомақты үлесін квазимемлекеттік мекемелердің құрауы, орасан зор шығындарға қарамастан, менеджерлер өздеріне миллиондаған сомадағы сыйақы жаздыруы және т.с.с. Сондықтан министрлік пен әкімдіктердің қарамағындағы «РГП» мен «ТОО»-лар, Ұлттық компаниялар мен олардың еншілестерінің бюджеті толық ашық болып, республикалық пен аймақтық бюджетке кіріп, басшылары құзырлы органдарға нәтижелері туралы есеп беруге тиіс.

«В»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.