Н.НҮСІПЖАНОВ, Қазақстанның халық әртісі: «Мынауың не?!» дейтiн Қазақстанда пенде жоқ

Жастардың бойына ұлттық қасиет­терді сіңіруден кенже қалудамыз. Әке-шешесінің атын айтып, енді тілі шыға бастаған балаға орыс және ағылшын тілдерін меңгертпек. Ондаған жылдан кейін ба­рып қолға алынуы тиіс нәрсені бүгін тықпалап әлек. Үш тілділік есін біліп, етегін жинаған, жо­ғары оқу орнында оқып немесе жұмыс істеп, ел­мен қарым-қатынас жасап жүргендерге ар­налған. Оны бесіктен белі шықпағандарға үй­реткеннен ұтарымыз шамалы. Баласы 7-8 жас­қа келгенше тек ана тілін үйрететін қытай мен жапон халқы қазір озық елге айналды. Олар ұр­пағын ақ-қараны ажыратқанша ана тілінде тәр­биелейді. Ал, біз аузың қайсы десе, мұрнын көрсе­тетін халге жетіп, бала-шағаны көшенің тәр­­­биесіне, жаһан­да­­нуға беріп қой­­дық. Естіген, көр­­­­ген нәрсенің бә­­рі­не еліктейміз. Кез-келген адам төрімізге келіп тайраңдап, биін билеп, қасиетті сахнаны қара базарға айналдырады. «Мынауың не?!» дейтін Қазақстанда пенде жок

«З»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.