Т.МЕДЕТБЕК, ақын: …жағымпаздық дертi меңдеп алды

Жалтақтық өз ал­дына, біздің зия­­лы қауымды жа­­ғымпаздық дер­­­ті меңдеп ал­ды. Қазір бізідің зиялылар бел­­гілі бір лауа­зымды адам­ды мақ­­­тағысы келсе де, жерден алып жерге салып даттағысы кел­се де үндеу хат жазуды сәнге ай­налдырды. Соны өздерінше бір қадірлі іс көреді. Жарамсақтық зиялы қауымның ау­зымен айтылып жатса, жараспайды-ақ.
«Көзі ашық, көкірегі ояу» адам әр кез ха­лықтың сөзін сөйлеуге ықыласты болғаны ләзім. Әйтсе де, олардың арасында да халыққа жаны ашып, қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерге жүрегі сыздап, Үкіметке өз үнін дүркін-дүркін айтып жүргендер баршылық. Өкініштісі, со­ларды тыңдайтын құлақ жоқ. Бейнебір бәрі тас керең болып қалғандай.

«А»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.