О.Сәбден: Осылар елдiң қамын айта алатын болады

Бізге екі палаталы парламенттің не қажеті бар? Бір палаталы бо­лу керек те, оның жартысын пар­тияларға сайлауға берейік. Олар сайлау өткізсін. Онда да шын сайлау болғаны жөн. Екінші жартысын халықпен бірге аудан, облыстан сайлау керек. Сонда депутаттың кім екенін біліп, хабардар болып отырасың. Және оларға шешілмей жатқан мәселені жеткізіп айта алатын боласың. Егер осылай түбегейлі өзгеріс жасасақ, он­да ауылдан ұстаз, не дәрігер, кәсіпкер бол­сын сайлауға пар­тиясыз-ақ ке­летін бо­лады. Осылар ел­дің қа­мын айта ала­тын болады. Бізде не көп, шенеунік көп. Бізді ше­неуніктер елі деу­ге болады. Шенеуніктерді 50% қысқартса дұрыс бо­лар еді.

stan.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.