Р.ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: … жастарды уысымыздан жiберiп алдық

Біз әлі күнге қазақты ұлт ретінде нығайтатын механизмдерді жасай ал­ма­дық. Басқа этностарды былай қойғанда, қазақтың өзінің басы бірікпей отыр. Қазіргі күнге дейін қала-ауыл, орыс­тілді-қазақтілді, бай-кедей, рушылдық-жер­шілдік секілді бөліну үрдістері де қазақтың ұлт ретінде бірегейленуіне үлкен кедергі келтіруде. Оның үстіне, қазақ басы бірігетін шаралар қолға алына бастаса, тез ыдыратып жіберуге тырысатын күштер бар. Ең өкініштісі, тәуелсіздік жылдары ер жеткен жастарды уысымыздан жіберіп алдық. Жастардың басым бөлігі ұлтқа, адамзатқа қажет құндылықтарды емес, керісінше, керексіз қасиеттерді бойынша сіңіріп өсіп келеді. Ақшаға құмарлық, өзінің қарақан басының қамын ұлттың, мемлекеттің мүддесінен жоғары қою, өздерін то­лыққанды азамат ретінде сезінбеу секілді қа­сиеттер белең алып барады.

«А»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.