Жұлдыз жорамал
09.09. — 15.09
Тоқты
Бұл аптада алаңдатарлық ұсақ-түйек мәселелер болуы мүмкін. Жұмыста жеке өміріңізді, денсаулығыңыз бен табысыңызды әңгіме етпеңіз. Демалыста өте жақсы әсер қалдыратын іс-шара күтіп тұр. Сырт келбетіңізге күтім жасаңыз.
Торпақ
Өте қу біреудің арбауына түсу қаупі бар. Бұл бәсекелес не күндесіңіз болуы мүмкін. Отбасылық мәселелерді ақылдасып шешкен жөн. Отбасылы адаммен көңіл қоспауға тырысыңыз. Артық ас пен әлеуметтік желіні шектеңіз.
Егiздер
Әлдебір істің нәтижесін күтемін деп жүйкеңіз сыр беруі мүмкін. Спортпен айналысыңыз, үйді реттеңіз, достармен кездесіңіз. Бірінші рет көріп тұрған адамға сенбеңіз. Тым жақындатып алып, құтыла алмай қалуыңыз ықтимал.
Шаян
Шаруа көп, бірақ бұл жағымды шаруа. Айталық, бұл әлдебір тойға дайындық болуы мүмкін. Тек кәсіби міндетіңізді ұмытып кетпеңіз. Бұл аптада жүйкеңіз тыныш болғаны жөн. Жалғыз болсаңыз, тағдыршешті кездесу күтіп тұр.
Арыстан
Қазір ішкі түйсікке сенуге болмайды. Ол жеке өміріңізге де, жұмысыңызға да қауіпті. Сүйіктіңізді не досыңызды, болмаса табысыңызды жоғалту қаупі бар. Демалыс күндері тағдырыңызды түбегейлі өзгертер бір оқиға орын алады.
Бикеш
Азырақ табысыңыз артуы мүмкін. Бұған жаңа бизнес идеяңызды іске асыру арқылы қол жеткізесіз. Жүйкеңізге салмақ салмауға тырысыңыз. Бейтаныс адамның дөрекілігіне мән бермеңіз. Демалыста үйден тыс жерде демалыңыз.
Таразы
Ұнатпайтын ісіңізге қайта оралуға тура келеді. Бұған сіз бас тарта алмайтын адам мәжбүрлеуі мүмкін. Жалғыз болсаңыз, таныс арттырыңыз. Болашақ жарыңызды кездестіру мүмкіндігі бар. Қайырымдылықпен жиі айналысыңыз.
Сарышаян
Жұмыста жалғыз әрекет еткеніңіз дұрыс, әйтпесе еңбегіңіздің жемісін біреу пайдаланып кетуі мүмкін. Әлдекім көңілін білдіруі ғажап емес. Апта соңында жағымсыз қонақ келеді. Ашуға бой алдырмай, барынша сабырлы болған жөн.
Мерген
Бұл аптада тәуекел етпеуге тырысыңыз. Әзірге тек өте таныс іс қана табыс әкеледі. Жұмыс іздегендердің де құрғақ уәдеге сенбегені жөн. Отбасы ғана жағымды әсер сыйлайды. Жалғыз болсаңыз, үйде отырмай, жиі араласыңыз.
Тауешкi
Денсаулығыңыз сыр берсе, үйде емделмей, тексеріліп, қауіпті дерт еместігіне көз жеткізіңіз. Өзіңізге ұнайтын, болашақ мүмкіндігі мол жұмыс табылуы мүмкін. Тек ағзаңызды қатты шаршатпаңыз. Романтикалық кездесу күтіп тұр.
Суқұйғыш
Қарқыныңызды азайтыңыз, мақсатқа жету үшін күш-қуатты қалпына келтіру керек. Сізге жеңіл тамақ, дәрумендер, дене жаттығулары жақсы көмектеседі. Мұрагерлік, жылжымайтын мүлік, қоныс аудару мәселелері сәтті шешіледі.
Балық
Сүйгеніңіз жүрегіңізді қатты жаралауы мүмкін. Қанша езілсеңіз де, өмірден баз кешпеңіз. Көп өтпей бәрін ұмыттырар бір қуаныш болады. Тосынсыйлар, жағымды жаңалықтар аз болмайды. Жұмыста да арманыңызға қол жеткізесіз.