Жалқауларға арналған жаттығу
Бұл жаттығуды жасауға сіздің алтын уақытыңыздың небәрі 6 минуты ғана кетеді. Бірақ, оны күн сайын, сағат сайын жасау қажет. Бұл жаттығудың ерекшелігі, оны отырып та, жүріп бара жатып та, жұмыс орнында, тамақ дайындап жүріп те – бір сөзбен, кез-келген жерде жасауға болады. Ал үш күннен кейін бұлшықетіңіз тартылып, денеңіз тіктеле бастайды. Бірақ, онымен тұрақты түрде, күнде айналысу қажет. Бірақ, қорықпаңыз, бұл қиын емес, сондықтан, оның күнделікті әдетіңізге айналып кеткенін өзіңіз де байқаймай қаласыз.
1. Табаныңыз толықтай жерге тиіп тұруы керек. Өкшеңізді көтеріп-түсіріңіз – 40 рет.
2. Аяғыңыздың ұшын көтеріп-түсіріңіз – 40 рет.
3. Бөксе бұлшықеттерін жиырып, қайта босатыңыз – 40 рет.
4. Деміңізді ішке алып жатып, ақырындап іштің қабырғасын өзіңізге қарай тартыңыз. Деміңізді сыртқа шығарғанда, қайта босатыңыз – 15 рет.
5. Арқаңызды тік ұстап, екі жауырынды омыртқаға қарай жылжытуға әрекеттеніңіз. Бірақ, иықтар қозғалмауы керек – 40 рет.
6. Қолдарыңызды иықтың деңгейінде екі жаққа созып, жұдырықтарыңызды жұмып-ашыңыз – 40 рет.
7. Басты 90 градусқа солға, оңға бұрыңыз – 40 рет.
8. Иекті алға қарай созыңыз – 40 рет.