Неге екенін қайдам, өркениетті елдерде «қаржы игерілмей қалды» деген мәселе жоқ. Қайта олар «жетпеді, тағы да бер» деп сұрап жатады. Бізде бәрі керісінше. Жыл соңында ондаған миллиард теңге игерілмейді. Бізде министрлер ақшаны асыра, көп сұрап алады да, қайда жұмсарын білмей сасады. Үкімет тарапынан әр бөлінетін қаржыға қатаң бақылау қойылғаны жөн. Сосын игерілген қаржыны да тексерген жөн. Өйткені ондаған миллион қаржыға түрлі құрал-жабдықтар сатып алады да, олар министрліктердің қоймаларында шаң басып жатады.
Бақылау аз, жауапкершілік жоқ. Бұл біздің Үкіметтің «дәстүрлі» ауруына айналып бара жатыр.

Baq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.