ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан облысында жыл сайын Төтенше жағдайлар департаменті әртүрлі тіршілік жағдайларында адамдардың қаза болуын азайту бойынша шаралар өткізеді. Түркістан облысында өрт жағдайы бүгінгі таңда былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға өскен. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Жүнісов мәлімдеді.


Жылу беру маусымында адамдардың улы газбен уланудан қайтыс болу және жарақат алуының алдын алу мақсатында жыл сайын жылу беру маусымының алдында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында облыс аумағында өрт қауіпсіздік айлығы жүргізіледі. Сонымен қатар,  департаменттің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер ұйымдастырып, жеке тұрғын үй секторын аралап, тұрғындармен кездесу өткізеді.  Қазіргі таңда тұрғын жайларды аралау мен жиындар, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер күшейтіліп өткізілуде, өрт қауіпсіздік айлығы, газ қызметтерінің жұмысшыларымен бірлескен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, пештер мен жылыту құрылғылары тексерілуде.
«Қала және аудандарда 384 адамнан тұратын 78 жұмысшы топ құрылған болатын, оның құрамына төтенше жағдайлар, полиция, газ шаруашылығы, энергия қызметтерінің өкілдері енгізілген. Аталған жұмыс тобының міндеттері — жеке тұрғын үйлерді тексеру, қауіпсіздік ережелерін бұзушыларды анықтау және оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау. Яғни, топ мүшелерінің әрқайсысы қызмет бағыты бойынша тұрғын үйді тексеріп және қауіпсіздік шараларын сақтау, жылыту жабдығын дұрыс пайдалану бойынша ұсыныстар береді. Құрылған жұмыс тобымен және штабтармен жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілуде. Атап айтқанда, топ 6315 үйді аралап, 25 247 адамға түсіндіру жұмыстарын өткізді. Осы іс-шарға 86 ерікті студенттер жұмылдырылып, 2652 үйдің пеш қондырылған  жөнделген, 3015 үйдің өлектр жүйелері ретке келтірілді», – деді Н. Жүнісов.
Сондай-ақ, департамент бастығы баспасөз мәслихатанда облыс тұрғындарына жылыту маусымының алдында өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау керектігін ескертіп, алдын алу ережелерін сақтау қажеттігін  айтты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.