Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Дүбірлі дүние

ҰШАҚТАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

* Тарихтағы ең алғаш ұшақты басып алу оқиға­сы 1985 жы­лы Норвегия аспа­нында орын ал­ған. Бір қызығы, ба­сып алушы мұ­ны мастықпен жаса­ған, ол бір жәшік сыраға ұшақты қайтаруға келіскен.

* Статистика бойынша, ауаға көтерілер сәттегі алғашқы 3 минут пен жерге қонар алдындағы соңғы 8 минут қауіпті.

* Әлемдегі ең ірі жолаушылар ұшағы – Airbus A380, оның бортына 850-ден астам жолаушы сыяды.

* Әлемдегі ең үлкен ұшақ – АН-225 Мрия . Қазір бұл ұшақтың тек біреуі ғана ұшып жүр.

* Алғашқы ұшақтар бу қозғалтқыштарымен жарақталған.

* Алғашқы «Флайер-1» ұшағы 1903 жылы АҚШ-та әуеге көтерілген. Оның ұшу ұзақтығы 12 секундқа созылып, 36,6 метр қашықтықты ғана еңсерген.

* «Темір жегіш» француз Мишель Лотито екі жылда «Cessna 150» ұшағын толықтай жеп бітірген.

* Статистика бойынша, ұшақтар жер бетіндегі ең қауіпсіз көлік түрі болып саналады.

* United Airlines авиакомпаниясы 1968 жылға дейін өз стюардессаларына тұрмысқа шығуға тыйым салған.

* Әлемдегі ең кішкентай ұшақ – «BD-5 Micro». Оның ұзындығы – 5 метр, салмағы – 162 кг.

* Әлемдегі ең қымбат ұшақ – «B-2 Spirit Stealth Bomber» бомбалаушы ұшағы. Ол 2,1 миллиард доллар тұрады. Бұл ұшақтың тек 20 данасы ғана шығарылған.

Ұқсас жаңалықтар

Ең қымбат яхта

admin

«Жүйрiк» мүсiнi

admin

Әлем елдерiндегi сайлау туралы қызықты деректер

admin