Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

Жуырда белгілі тұлға, білікті ұстаз, ғалым, публицист, білімді журналист, дарынды ақын, алымды аудармашы һәм әдебиеттанушы, ХХ ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азияның көрнекті  қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 125 жыл толуына орай кітапхананың тарихи-өлкетану бөлімі №127 жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушыларына «Жақсының жарқын жолы» тақырыбында  тарихи сабақ өткізді.

Іс-шарада Алаш ардақтысының жарқын жолын паш ететін «Ұлтын ұлықтаған қайраткер» атты кітап көрмесі қойылып, слайд ұсынылды. 8-сынып оқушылары  Д.Мақұлбаева, А.Тұрсынбек, А.Әлібек, А.Батырша, Ә.Баймаханова, С.Әлібек қайраткердің шығармашылығынан өлеңдер мен аудармаларын оқыды. Сабақ барысында рухы биік  азаматтың ақылдылығы, намысшылдығы, еңбекқорлығы, адамгершілігі, саяси қызметі жайында сөз қозғалып, бүкіл өмірлерін  ұлтты, халықты сақтауға, сүюге бағыттаған, ұлтжандылық пен ақыл-ойдың ғажайып үлгісіне, өнегесіне айналған арыстардың есімде­рін мақтаныш ету – Тәуелсіздік күрескерлерінің қазіргі буыны үшін қарыз да, парыз екені баса айтылды. Тарихи сабақты мектептің тарих және география пәнінің мұғалімі К.Мадиярова қорытындылап, оқушыларды  Сұлтанбек Қожановтай  тұлға болып қалыптасуға шақырды.

Г.СЕРАЛИЕВА,

А.С.Пушкин атындағы ТОӘҒК бөлім меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

admin

Қоқыс тастаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды

admin

КӘСІБІ БАРДЫҢ НӘСІБІ БАР

admin