Кәрібай Мұсырман, Мәжіліс депутаты: Байлық пен мансап үшін бәрін сатуға даяр …

Жуырда өзім қатты сыйлайтын азаматтың бірімен кездесіп қалдым. Ол: «Істеп жүрген тәп-тәуір қызметімнен кетуге мәжбүр болдым. Мені қудалаған адам – бір кезде жұмысты бірге бастаған, өзіме жақсы таныс кісі. Ол о бастан дүниеқоңыз әрі мансапқор жан еді. Ақыры талай «мүрдені аттап өтіп», үлкен бастық болды. Сол-ақ екен, адам сенбейтін сылтау тауып, мені бірден жұмыстан қуды. Неден жазықты болғанымды білмеймін…», -деді.

Өмірде осындай жайттар болып тұратындығына менің де көзім жеткен. Тіршіліктің басты мұраты – дүние-байлық деп түсініп, адамгершілік, ар-ұят, әдеп, обал сияқты рухани құндылықтардан жұрдай болған арамзалардың кісілік келбеті жарқын, парасаты биік, ел-жұртқа сыйлы, адал да қарапайым жандарды ұнатпайтын жаман әдеттері бар. Өйткені, ондай адамдар еңкейгенге ғана еңкейіп, ал шалқайғанға шалқайып жүреді ғой.

Байлық пен мансап үшін бәрін сатуға даяр тұратын, өзімшіл, күншіл, қатыгез, кекшіл, бір сөзбен айтқанда, рухани сорлы жандардан ешқандай опа күтпей, аулақ жүруге тырысқан жөн…

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.