МІНЕЗІ ЖАМАН ӘЙЕЛГЕ САБЫР ЕТУДІҢ СЫЙЫ

Ибн Сина Әбу әл-Хасан әл-Хараканиді зиярат етуге іздеп барады. Достарымен бірге келген Ибн Сина Хараканидің есігін қағады. Есіктің ар жағынан дөрекі бір кексе әйелдің дауысы шығады. Бұлар келген мәселесін айтып, Әбу әл-Хасан әл-Хараканиді сұрайды.

Әлгі әйел де: «Ол алаяқ наданды не қылмақсыңдар?!» -деп күйеуі жайлы аузына келгенін айтып, біраз жерге дейін апарып тастайды. Есіктің бер жағында тұрғандар абдырап қалады. Кейбіреуі: «Адамды білсе, ең жақсы жұбайы біледі», -деп әлгі жерден кетуге ыңғайланады. Ибн Сина болса, сонша жерден келгенде Хараканиді көрмей кетпейтінін айтады. Басқалар да Ибн Синаның сөзін құп көріп, соңына дейін күтуге бел буады. Іштегі әйел де бұлардың кетпей күтіп тұрғанын көріп, Хараканидің отын жинауға кеткенін, тек кешке қарай ғана келетінін айтады.

Алыстан келген зияратшылар ұстазды көріп кету үшін кешке дейін күтеді. Ақшам уақыты жақындап, күн ала көлеңке болған шақта алыстан бір қара көрінеді. Қараса, бір арыстанға отындарын артып алып, өзі де сол отындардың үстіне мініп алып келе жатқан Хазіреті Харакани екен. Күтіп тұрғандар бұл көрініске аң-таң. Харакани де зиярат етушілерінің түрлеріндегі сұраққа өздері сұрамастан бұрын жауап беріп:

–Үйдегі «арыстанға» сабыр қылғандығымыздан Алла Тағала ормандағы арыстандарды бізге бағындырып қойды. Үйдегі қатынның жүгін арқаламағанымда, бұл арыстан да менің жүгімді арқаламас еді, -дейді.

kazislam.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.