ЗАҢДЫ ІЗГІЛЕНДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Елбасы 2019 жылғы 21 қаңтарда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді. Түзетулер меншік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою кезінде тең құнды өтеуді қамтамасыз ету үшін де жағдай жасалған.

Яғни, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы 62-1-баппен толықтырылған. Аталған бапта белгіленген тәртіппен және шарттарда өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу көзделген.

Заңдағы 67-баптың 1,2, және 3-тармақта­ры жаңа редакцияда жазылған. Бұл жерде мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарыл­ған мүліктің құнын өтеу мөлшері айтылған.

Тағы бір айта кетер жағдай, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен алу механизмі өзектендірілген.  Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тең бағадағы жер учаскесін иеліктен шығару жүзеге асырылатын елді мекен шегінде беру мәселесі реттелген. Алып қойылатын жер учаскесінің орнына басқа жер учаскесін беру мүмкіндігі қарастырылған. Ал меншік иесіне тең бағадағы жер учаскесін беру Жер кодексінің 43-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жер учаскелері айрықша жағдайларда мәжбүрлеп иеліктен шығарылған кезде:

– Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру;

– пайдалы қазба кен орындарының табылуы және оларды қазу;

– автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, көпірлердің, метрополитендердің, тоннельдердің, энергетика жүйелері мен электр тарату желілері, магистральдық құбырлардың, инженерлік-коммуникациялық желілердің, стратегиялық объектілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объектілерінің жобаларын іске асыру;

– елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету;

– ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектiлерді бюджет қаражаты есебінен салу мемлекет мұқтажы болып табылады.

Г.Мекембай, Арыс аудандық сотының судьясы

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.