Тұңғышбай ӘЛ-ТАРАЗИ, ҚР Халық әртісі: Өнер жоғарының нұсқауымен тумайды

Ұлы өнерге өмірін арнаған адамда жеке бастың арманымен бірге, Ел азаматы ретінде елдікке жетудің Ұлы арманы болады екен… Өнер – ұлттың маңдайындағы жұлдызы болуы керек, жүрегінің шері мен көкірегіндегі шемені… Орынсыз ыржаң емес, бойы бұлғаң емес, сөзі жылмаң емес… Атам Жаманқұл-рахымелінің «Бұлбұлы қадірленбеген елдің қарғасы қарқылдайды» деген ащы мақалы еске түскенде үнім өшіп, сарыуайымға батам…

Өнер жоғарының нұсқауымен тумайды. Өнер білектің ісі емес, Жүректің ісі! Әр әумесердің «ақылына» көніп, әр шикі шенеуніктің айдауында жүрсе не болады! «Көп айтса – көнді, Жұрт айтса – болды, Әдеті надан адамның» деген даңғойлықпен қайран Абай хакім де қарсыласқан… Әлі қарсыласып келеміз… Қашанғы! «Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын…». «Халық» деген ұғымды қазір «шенеунігім» деп ауыстырған абзал…

anatili.kazgazeta.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.